Жаңалықтар

12 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға Минскідегі «Октябрьская» метросы стансасындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстанда Минскідегі «Октябрьская» метросы стансасындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Қазақстанның көпұлтты халқының және жеке өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендерге қолдау сөзімді жеткізуді өтінемін», делінген көңіл айту жеделхатында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар