Жаңалықтар

21 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі ғылым маманы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Жабағы Тәкібаевты қабылдады.

Кездесуде барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселелері талқыланды.


- Президент менің іргелі ғылымды дамыту және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы еңбектерімді қуаттады. Бұл аса маңызды және өзекті мәселе, және де Президент аталған саланы дамытуға бағытталған барлық күш-жігерді қолдап отыр, - деді Ж.Тәкібаев журналистерге арналған брифингте.


Сол күні Елбасы «Қазақстан мүгедектерінің ерікті қоғамы» одағының орталық кеңесінің төрағасы Сайдалы Тәнікеевті қабылдады.


Кездесу кезінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының халықтың қорғалмаған бөлігіне әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған баптарын іске асыру мәселелері талқыланды.


- Елбасының мені қабылдағанына ризамын. Біз Жолдауда айқындалған көптеген мәселелер туралы – жастарға тәрбие беру, ауыл шаруашылығын дамыту, соғыс және еңбек ардагерлерін әлеуметтік қолдау, Қазақстанның әлемдегі беделін өсіру жөнінде әңгімелестік, - деді С.Тәнікеев журналистерге.


Мемлекет басшысы сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар