Жаңалықтар

12 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия мұрагер ханзадасы Филипті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-Бельгия ынтмақтастығының жай-күйі мен сауда, индустрия және инвестиция салаларындағы перспективалары талқыланды.

Президент Қазақстан мен Бельгия арасында тығыз экономикалық және саяси серіктестік орныққанын атап өтті.

- Біздің өзара қарым-қатынастарымызды дамыту мәселесін талқылайтын мүмкіндіктеріміз бар. Сізбен бірге бизнесмендердің үлкен бір тобы келді. Өзара экономикалық байланыстар мен ынтымақтастық үшін – бұл өте маңызды, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Ханзада Филипп Нұрсұлтан Назарбаевқа Бельгия Королі Альберт II-нің жеке сәлемін жеткізді. Ол сондай-ақ бельгиялық іскер топтар еліміздің экономикасын дамытуға атсалысуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

- Біз Қазақстанның және оның экономикасының даму қарқынын үлкен ынтамен қабылдаймыз. Біз сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің экономикасын әртараптандыру және индустриаландырудағы жеке бастамасын жоғары бағалаймыз. Біздің кәсіпкерлер Қазақстанмен экономикалық, әсіресе денсаулық сақтау және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі, - деп атап өтті ханзада Филипп.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар