Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қазан 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Ж.Түймебаев Президентке министрліктің жыл басынан бергі жұмысының негізгі қорытындылары жөнінде баяндады.


Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында орта білім беру жүйесінде интеллектуалдық мектептер құрылып жатқанын айтты. Қазақстандық жоғары оқу орындары Англияның, Германияның, Голландияның және әлемнің басқа да елдері жетекші оқу орталықтарының үздік лекторларын шақыруда.


- Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы және түлектеріміздің әлемнің кез келген елінде жұмыс істей алуы үшін біздегі білім берудің сапасын арттыру міндетін алға қойды, - деді Ж.Түймебаев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар