Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасына мемлекеттік сапары аясында «Embrapa» ауыл шаруашылық зерттеу корпорациясында болып, Бразилияның озық компаниялары басшыларымен кездесті.
big-001.jpg

1973 жылдан бері жаңа технологияларды әзірлеп, оны елдің аграрлық секторына енгізумен айналысатын «Embrapa» корпорациясында Қазақстан Президенті корпорация жұмысымен танысып, биоотын және гендік инженерия өндіретін зертханаларды аралап көрді.


"Embrapa" жүйесіне 38 зерттеу орталығы, 3 қызмет көрсету орталығы мен 11 бөлімше кіреді. Корпорация қызмет еткен жылдар ішінде шығынды азайтуға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 9 мыңнан астам ауыл шаруашылығы технологияларын әзірлеп шығарған. Агроэнергетика, нано-технология, генетикалық зерттеулер қазіргі заманғы зерттеулердің басым бағыттары болып табылады.


Бразилияның мұнай-газ, геологиялық барлау, агроөнеркәсіп, әуе кемелерін жасау салаларындағы ірі компанияларының басшыларымен болған кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстандағы инвестициялық ахуал жайында әңгімеледі.


Біздің еліміз әлемдегі инвестициялық қатынастағы аса қолайлы жиырма елдің қатарына және Бүкіләлемдік банктің инвесторларды қорғау индексі бойынша алғашқы бесеудің ішіне кіреді.


- Біздерде қашықтыққа қарамастан, экономикалық ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды біздің елдеріміздің іскер топ өкілдері тиімді жүзеге асыратынына үміт білдіремін, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар