Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

11 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін арнайы сапармен Түркіменстанға келді.
big-01.jpg

Салтанатты күтіп алу рәсімі аяқталғаннан кейін президент сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтың шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы жоғары деңгейдегі бірнеше кездесудің өткенін айтып өтті.


- Біздің кездесулеріміздің жиі болуы екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайта түсу және ынтымақтастығымызды дамытуға деген ұмтылысымыздың куәсі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бүгінгі күні Қазақстан мен Түркіменстанның көптеген мәселелер жөнінде өзара тиімді әрекеттестігін көрсетеді деп атап өтті.


- Мен Қазақстанның Түркіменстанмен стратегиялық әріптестікті дамыта беретініне нық сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 28-29 мамырында Түркіменстан Президентінің Астанаға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы экономикалық ынтмақтастың кеңейтілуі, атап айтқанда көлік инфрақұрылымы саласында өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағадаласқандығын еске салып өтті. Бүгінгі күні тараптар екі елді қосатын теміржол және автомобиль жолдары құрылысын салу жобаларын белсенді жетілдірілу үстінде.


Тараптар энергетика, көлік және коммуникация, ауылшаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударып отыр. Екі ел үшін мәдени-гуманитарлық саладағы байланыс үлкен маңызға ие.


Президенттер екіжақты тауар айналымы 2006 жылдың қорытындысы бойынша 150 миллион доллардан асып түскендігін және бұның 2005 жылдың көрсеткішінен екі есе артық екендігін атап өтті. Бірақ бұл көрсеткіш Қазақстан мен Түркіменстан экономикаларының мүмкіндігінен әлдеқайда төмен.


Өзара әрекеттестіктің келешектегі бағыттарын анықтау үшін және бірлескен нақты жобаларды әзірлеу мақсатында мемлекет басшылары екі елдің үкіметтеріне жақын мерзімде экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан-Түркімен үкіметаралық комиссиясының екінші отырысын өткізуді тапсырды.


Қазақстан мен Түркіменстан – энергия көзінің – мұнай мен газдың қоры мол мемлекеттер. Энергетика саласындағы ынтымақтастық өзара тиімді және екі ел халқының мүддесіне жауап береді. Осыған байланысты түркімен газын Қазақстан аумағы арқылы сыртқы нарыққа шығару мәселелері, қазақстандық компаниялардың Түркіменстандағы көмірқышқыл шикізатын өндіретін кен орындарын барлау мен дайындау және басқа да екіжақты ынтымақтастық мәселелері сөз болды.


Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында 2008 жылы Қазақстанда Түркіменстанның мәдени күндері мен екі елдің мәдениет және зиялы қауым өкілдерінің форумын өткізу, сонымен қатар 2009 жылы Түркіменстанда Қазақстан жылын өткізу туралы уағадаластыққа қол жеткізілді.


Мемлекет басшылары Қазақстанда үлкен түркімен диаспорасының, ал Түркіменстанда қазақ диаспорасының барлығын атап өтті. Бұл – достықтың «алтын көпірі». Осыған орай президенттер Түркіменстанда Қазақстан-Түркіменстан достық қоғамын, сонымен бірге Ашхабад қаласында Қазақ мәдени орталығын ашу жөнінде келісімге келді. Түркімен диаспорасының осындай мәдени орталықтары Қазақстанда табысты жұмыс істеп келеді.

- Қол жеткізген келіссөздер біздің әріптестігіміздің жаңа кезеңін байқатады, Қазақстан мен Түркіменстан халқының игілігі үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер туғызады, - деді Президент.


Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердымухаммедов бірлескен мазмұндамаға, коммюникеге қол қойды.


Сонымен қатар, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркіменстанның денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы келісімге және Астана мен Ашхабад қалалары арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар