Жаңалықтар

3 наурыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке оның Ресей Федерациясы Президенті сайлауында сенімді жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жолдады.

«Ресей халқы Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, елдің әлеуетін тиімді жүзеге асыруға бағытталған салиқалы саясаттың жалғасуын таңдады. Сіз ресейліктердің қолдауына сүйене отырып, экономикалық өсуді, әлеуметтік игіліктерді одан әрі қамтамасыз ету, Ресей Федерациясындағы саяси тұрақтылықты сақтау және халықаралық беделін нығайту үшін біліміңізді, күш-жігеріңіз бен тәжірибеңізді жұмсайтыныңызға сенімдімін, - делінген жолдауда.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ресей үшін сенімді дос және стратегиялық әріптес болғанын және болып қалатынын атап өтті. Қазақстан Президенті Д.Медведевтің Ресей Президенті лауазымындағы қызметі алдағы уақытта да бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды және біздің мемлекеттеріміз арасындағы сенімді өзара тығыз қатынастарды нығайтуды дәйекті жүзеге асыруға бағытталатынына сенім білдірді.


Мемлекет басшысы Д.Медведевке игіліктер мен жаңа табыстар, ал бауырлас Ресей халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар