Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

11 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дохада Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнимен кездесті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелері мен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың болашағы талқыланды.


Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әміріне Астанада Ислам орталығын салуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, бұл орталықтың «екі ел арасындағы достықтың нышаны» екендігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев діндер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды қалпына келтіру мен қолдау көрсету жөніндегі күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті және Қатар Мемлекетіне Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше болуды ұсынды.


Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшылары екі ел үкіметтеріне екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Екі ел басшылары жақын арада Қатарда Қазақстанның және Қазақстанда Қатардың елшіліктері ашылатынын жария етті.


Кездесу аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Қатар Мемлекетінің Әмірін бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Қазақстан Президентіне Қатардың ең жоғары наградасы – «Тәуелсіздік» ордені табыс етілді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар