Жаңалықтар

4 мамыр 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әбу Даби (БАӘ) әмірлігі атқару кеңесінің мүшесі шейх Сұлтан бен Халифа Әл Нахаянды қабылдады.

Кездесуде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды.


Онда сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның уағдаластықтарына сәйкес 7-мамырда «Әбу Даби - Астана» бағытындағы тікелей әуе қатынасының ашылатыны аталып өтті.


Шейх Сұлтан бен Халифа Әл Нахаян Астанаға Н.Назарбаевтың жеке шақыруы бойынша келіп отыр. Мәртебелі мейманға араб бизнесмендерінен құралған үлкен делегация еріп жүр. Әмірліктердің іскер топ өкілдері инфрақұрылымға, тұрғын үй құрылысына, сауда және ойын-сауық нысандарына, соның ішінде Астана мен Алматыдағы құрылысы аяқталмаған нысандарға инвестиция салу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.


Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстандағы туризмді, атап айтқанда, «Бурабай» курорттық аймағын дамыту мүмкіндіктері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар