Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 ақпан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

 

 

Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің

мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

 

Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

 
1) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – «Самұрық» холдингі» АҚ) құрсын;

 
2)  екі апта мерзімде:

 
«Самұрық» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекітуді;

   
акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» холдингі» АҚ-тың жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді;

 
3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;

 
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

 
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 

Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы 28 қаңтар

 
№ 50 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар