Жаңалықтар

13 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары екінші съезінің қорытынды күнінің жұмысына қатысты.

295.jpg

296.jpg

- Мен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезінің тұрақты жұмыс істейтін беделді халықаралық форумға айналып келе жатқанын жеткізіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл конфессияаралық үнқатысу идеясының мейлінше қажетті екендігін дәлелдейді және халықаралық өмірдің нақты факторына айналуда. Мен Съезге қатысушылардың Қазақстанның мәдениет пен дін үнқатысуын қамтамасыз етудегі күш-жігерін және біздің ұлттық, мәдени, діни төзімсіздікке қарсы күрес жолындағы қызметімізді жоғары бағалағандары үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл әрдайым Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі болып қала береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев қорытынды сөзінде.

-Қазақстан Президенті сондай-ақ Съезд аясында мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құру жөнінде бастама көтеріп, Съезге қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қабылдады.

 
- Осыдан бес жыл бұрынғы, яғни 2001 жылғы 11 қыркүйекте өзінің алапат қатыгездігімен дүниені дүр сілкіндірген, АҚШ-та болған лаңкестік актілердің зорлық-зомбылық пен лаңкестікті тарататын күйретуші күштердің қаншалықты қауіпті болатынын көрсетіп берді. Біз дүниенің тым әлжуаз және бір-бірімен өзара байланыста екеніне тағы бір рет көз жеткіздік. Және осы жаһандық қатермен бетпе-бет келе отырып, бүкіл әлем осы зұлымдыққа қарсы күш біріктірді. Бүгінгі таңда адамзаттың болашағы қандай болатыны бізге байланысты. Біз лаңкестік идеологиясын түбірімен жойып гуманизмнің жалпыадамзаттық құндылықтарын бекіту үшін бар күш-жігерімізді салуға тиіспіз, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар