Цирк кешені жалпы алаңы 14,5 мың шаршы метрді құрайтын үш павильоннан тұрады. Бірінші павильонда 2000-ға жуық адам тамашалай алатын көрермендер залы орналасқан.
Екінші павильонда төрт қабатты қонақ үй кешені орын тепкен.
Үшінші павильонда цирк әкімшілігінің жайы, әртістер, жаттығу залы, жануарларды ұстайтын қамақтар, шеберханалар мен қосалқы бөлмелері бар әкімшілік-шаруашылық бөлігі орналасады.