Кездесу барысында түрлі салалардағы қазақстан-эстония экономикалық ынтымақтастығын дамыту жайы әңгіме болды.
- Біздің ойымызша, Қазақстан мұнай, астық, металдар мен басқа да тауарларды Эстония арқылы тасымалдауға мүдделі. Эстония қазіргі заманғы теңіз айлақтарына ие және Қазақстанға транзиттік қызмет көрсете алады, - деді А.Рюйтель журналистерге арналған брифингте.
Ол сондай-ақ Эстонияның құрылыс фирмалары Астананың нысандарын салуға қатыса алатынын атап өтті.
- Мен Эстония Президенті болып тұрғанда, 2004 жылы Қазақстанға ресми сапармен келгенмін. Осы уақыт аралығында Астана, тұтастай алғанда, мемлекет те таң қаларлықтай өзгерген, - деп атап көрсетті А.Рюйтель.