Жаңалықтар

19 желтоқсан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің 32-отырысына қатысты.
01

Отырыс барысында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан басшылары ЕурАзЭҚ-тың өзекті мәселелері мен оны дамытудың келешегін, атап айтқанда, Кеден одағының қызметін жетілдіру мәселесін, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалуын, ЕурАзЭҚ Сотының қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, әлемдік қаржы дағдарысының салдарларын еңсеру жөніндегі бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, отырыста ЕурАзЭҚ-тың жәрдемші органы – ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің шекаралық мәселелер жөніндегі кеңесі мен әділет министрлері кеңесінің  жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы кез келген ықпалдастық – ол ұзақ мерзімді үдеріс екенін атап өтті. Тек елдің күш-жігерін, ресустар мен мүмкіндіктерін біріктіргенде ғана пайдаға қол жеткізуге болады. Айқын географиялық кеңістік ішіндегі ұлттық экономиканы қорғау жаhандық дамудың үрдісіне айналуда. ЕурАзЭҚ аясында еркін сауда тауарлары режимін құру жөнінде елеулі қадамдар жасалды. Бұл біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы мен өзара тиімді инвестиция көлемінің артуына жағымды ықпал етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-тың қамқорлығымен нақты экономикалық жобалар іске асырылып жатқанын атап өтті. Бұл ортақ энергетикалық жүйенің құрылуы, бейбіт атом энергиясы өндірісі саласындағы бірыңғай кезең, еуразиялық көлік магистралының құрылысы және т.б. ЕурАзЭҚ аясында қаржылық ықпалдастықтың нақты тетіктері құрылуда.

Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ елдерінің болашағы көп жағдайда инвестициялық ахуалдық жақсаруына және инновациялық даму жолына көшуге байланысты болатынын атап өтті. ЕурАзЭҚ-тың белсенділігіне сондай-ақ Кеден одағының құрылуын жатқызуға болады. Келесі жылы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру үдерісі басталады. Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық ықпалдастық барлық елдің экономикалық, әлеуметтік және мәденм дамуына тең жауапкершілік мүдделерін есептеген жағдайда ғана мықты және орнықты болатынын атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша 2001 жылғы 31 мамырдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылақтары мен иммунитеттері туралы Конвенциясының жаңа редакциясы қабылданды, ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламасын әзірлеудің және іске асырудың Тәртібі бекітілді. Сонымен қатар ЕурАзЭҚ Сотының жұмыс істеуінің негізгі қырларына қатысты қатысты шешім қабылданды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар