Жаңалықтар

30 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы Григорий Рапотаны қабылдады.

Кездесу кезінде ағымдағы жылы жазда Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ-тың Мемлекет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық кеңесі отырысын әзірлеу мәселелері талқыланды.


Г.Рапота Қазақстан Президентіне ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет басшыларының Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Қазіргі кезде ЕурАзЭқ Кедендік одағын құруды аяқтауға қажетті халықаралық-құқықтық құжаттар тізімі 23 келісімді қамтиды. 17 құжаттың жобасы сарапшылар деңгейінде келісіліп, қол қоюға қажетті мемлекеттік ішкі процедуралардан өту үшін тараптарға жіберілді.


Сондай-ақ, кездесу барысында ЕурАзЭҚ кеңістігінде су-энергетика жүйесін реттеу мәселелері қозғалды.


- Маған бұдан бұрын жүктелген тапсырмалар аясында біз Су-энергетика жүйесін реттеу және Орталық Азияның су-энергетика ресурстарын аса тиімді пайдалану жөнінде тұжырымдаманы әзірлеудеміз. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Бірыңғай энергетикалық кеңістік туралы тұжырымдама әзірленуде, - деді Г.Рапота журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар