Жаңалықтар

11 наурыз 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты ІІ Астаналық экономикалық форумның ашылуына қатысты.

big-013.jpg

big-022.jpg

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев қазіргідей бүкіл әлемді шарпыған экономикалық дағдарыстың ауқымы туындаған проблемаларды жеке бір елдің немесе бірнеше елдің ғана күш-жігерімен шешуге мүмкіндік бермей отырғанын мәлімдеді.


Президент «қазіргі дағдарыстың негізінде қоғамның өндірген нақты жалпы өнімі мен нақты активтермен қамтамасыз етілмеген алыпсатарлық капиталдың арасындағы қарама-қайшылықтар жатқанын» атап өтті.


Оның пікірінше, жаңа үйлесімді жүйенің даму негізі жаңа әлемдік валюта болуы тиіс. Бүгінгі әлемдік валюталық жүйе қызметі адамзаттың даму мақсатына сай келмейді. Бұл жүйе уақыттың сынына сәйкес келмейтіндей ескірді.


Ең алдымен әлемдік валютаның ескі деффектілерінің жүктемелерін шектеп немесе қайта бөліп, оны өңірлік және құрлықаралық валюта-есеп айырысу бірлігіне көшіру қажет.


«Біз ЕурАзЭҚ аясында валюта-қаржылық ықпалдастық бірлестігін құруға іс жүзінде кірісуге тиіспіз. Оның ішінде өзіміздің жеке бірыңғай мемлекетаралық қолма-қол ақшасыз есептесетін тұрақты есептесу-төлемдік бірлігіміз енгізілуі мүмкін», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Мемлекет басшысы «жүйелі дағдарыстан жүйелі жаңару жолы арқылы ғана шығуға болатынын» атап көрсетті. Дағдарыс біздер бірлесіп тиісті әрі дұрыс іс-әрекетті қолға алғанда ғана аяқталмақ».


Астаналық экономикалық форумның өтуі Қазақстан Президентінің Еуразиялық ғалымдар клубын құру туралы бастамасының нәтижесі болып отыр. 2008 жылдың маусымында Еуразиялық кеңістіктің 9 елінен экономист-ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың басын қосқан «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы құрылды.


Екінші Астаналық экономикалық форумның тақырыбы – «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі». Форумның мақсаты ү.ж. сәуірінде Лондонда өтетін G-20 саммитінде талқылауға ұсынылуы мүмкін әлемге әйгілі экономист-ғалымдардың ұсынымдарын әзірлеу болып табылады.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінқараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар