Жаңалықтар

29 маусым 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) төрағасы Мевлют Чавушоғлымен кездесті.
01

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕКПА-ның жай-күйі мен ынтымақтастығының келешегін талқылады.

- Біз Қазақстанмен өте жақсы ынтымақтастықтамыз. Бірнеше жыл бұрын біздің арамызда ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылған. Қазақстан Парламенті біздің сессиямызға қатысып тұрады. Біз бірлескен ірі іс-шараларға қатысамыз. Біз жемісті қатынастарымызды қалыптастыруымыз керек. Осыған байланысты біз Қазақстанға Еуропалық Кеңестің демократия жөніндегі серіктесінің жаңа мәртебесін қабылдау мүмкіндігін қарауды ұсындық. Біз мұндай жаңа мәртебені тек қана анықталған өлшемдер мен талаптарға сәйкес келетін елдерге ұсынамыз. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында айтарлықтай табыстарға жеткен ел ретінде аталған мәртебеге сәйкес келетініне сенемін. Келешекте Қазақстан Парламенті аталған мәселені жан-жақты қарап, ол жөнінде оң шешім қабылдайды деп сенім артамын, - деп атап өтті М.Чавушоғлы.

Кездесу барысында сондай-ақ Астанада өтіп жатқан ИЫҰ-на мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесі сессиясының мәселелері талқыланды.

- Мен осымен Қазақстанға үшінші рет келіп тұрмын. Бұл жолы мен Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысудамын. Бұған дейін де Қазақстан ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етті. ИЫҰ-ға төрағалығы да сондай табыспен өтетініне сенемін. Мемлекет басшысының сессияны ашардағы әсерлі сөзін атап өткім келеді. Мемлекет басшысы Ұйымның проблемаларына қатысты өзіндік көзқарасын білдірді. Онда орын алып отырған проблемаларды шешу, сондай-ақ ИЫҰ-ға мүше елдерді біріктіру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы өте табысты өтті. Мемлекет басшысы көтерген Еуроазиялық интеграция жөніндегі бастама өте қажетті және табысты болды. Қазақстан күллі әлемге дінаралық және этносаралық толеранттықтың үлгісін көрсетті. Бұл үлгі бүгінде ұлтшылдық пен экстремистік мағынадағы көріністердің өсуі байқалып отырған Еуропа үшін өте маңызды, - деді М.Чавушоғлы журналистерге арналған брифинг кезінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар