Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссияның энергетика жөніндегі комиссары Андрис Пибалгсты қабылдады.

Кездесу кезінде энергетика саласындағы ынтымақтастық, Еуропалық одаққа көмірсутегін тасымалдау, аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 
- Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Сапар Еуропалық одақ үшін өте маңызды кезеңде, Еуроодақ мүшелері өздерінің энергетикалық саясатын тығыз үйлестіру туралы шешім қабылдағаннан кейін өтуде. Қазақстан біз үшін тек мұнай мен газ жеткізуші ғана емес, сондай-ақ ол көптеген еуропалық компаниялар инвестиция салып отырған және әлі де сала беретін ел болып табылады. Қараша айында мен аймақ энергетика министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Астанаға тағы келемін, - деді А.Пибалс журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар