Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 қазан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақ Кеңесінің Бас хатшысы, ЕО-ның жалпы сыртқы саясат және қауіпсіздік саласындағы саясат мәселелері жөніндегі өкілі Хавьер Солананы қыбалдады.
big-солана.jpg

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуроодақтың экономика, энергетика және өңірлік саясат салаларындағы қарым-қатынастарын дамыту мәселелері талқыланды.


Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында өзара сауда-саттық көлемі 12,5 миллиард долларды құрады. Еуроодақ елдері қазақстандық экспорттың аса үлкен бөлігіне ие. Ынтымақтастық жылдарында ЕО Қазақстан экономикасына 35 миллиард доллардан астам инвестиция салған.


- Бізде Президентпен аса жемісті кездесу болды. Біз бірқатар өңірлік саясат мәселелерін, Ауғанстандағы, Ирандағы жағдайды талқыладық. Біз сондай-ақ осы жылдың басында қабылданған ЕО-ның Орталық Азияға арналған жаңа Стратегиясы туралы пікір алмастық. Қазақстан аталған Стратегияны жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Еуроодақ сіздердің елдеріңізбен тығыз ынтымақтастықты жалғастыра түсуге ынталы, - деді Хавьер Солана журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар