Жаңалықтар

12 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ГФР Бундестагы (Парламенті) төрағасы Норберт Ламмертті қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-Германия ынтымақтастығының кең көлемді мәселелері мен халықаралық күн тәртібі талқыланды.

Кездесуден кейін журналистерге арналған брифингте Н.Ламмерт Қазақстан ГФР-ның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтті. Екі ел өз өңірлеріндегі негізгі серіктестер және экономика мен саяси салалардағы ынтымақтастықты үнемі жоғары деңгейде қолдап келеді.

- Германиялық кәсіпорындар сіздердің елмен ынтымақтастыққа зор көңіл аударып отыр, өйткені ГФР мен Қазақстанның экономикалық өзара әрекеті шын мәнінде жоғары әлеуетке ие. Экономикалық жаңғыртулар үдерісімен қатар, біз сондай-ақ Қазақстанның халықаралық бастамаларын қызығушылықпен бақылап отырмыз. Бұдан үш жыл бұрын мен Берлинде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім, біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына ГФР-ның қолдау көрсету жайын талқыладық. Мен биылғы жылы желтоқсанда, әсіресе осындай ұзақ мерзімнен кейін, Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін жоғары деңгейде өткізудің өзі сіздердің елдеріңіз үшін зор табыс болып табылады, - деп атап өтті Н.Ламмерт.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар