Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглыны қабылдады.

- Қазақстан үшін ислам әлемімен ынтымақтастықта болу аса маңызды. Мен Қазақстанда Ислам конференциясы ұйымының аясында өтіп жатқан «Орталық Азиядағы ислам өркениеті» халықаралық конференциясына разылығымды білдіремін. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, - деді Нұрсұлтан Назарбаев ИКҰ-ның бас хатшысымен кездесу барысында.


Мемлекет басшысы Экмеледдин Ихсаноглыға Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезін өткізуге көрсеткен қолдаулары үшін ризашылығын білдірді. Алдағы форумның да Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің съезін өткізуге арнайы салынған Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатуының өзі заңды.


- Тамаша сұхбат болды, біз кездесу барысында Қазақстан мен біздің ұйымның арасындағы ынтымақтастықты бұдан ары дамыту мәселелерін талқыладық. Мен Президентті ИКҰ-ның жоспарлары мен бағдарламалары жөнінде хабардар еттім. Бұл менің ұйым басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы арнайы сапарым. Бұл сапарды мен осы жылға жоспарланған шаралардың ішіндегі аса маңыздысы деп атар едім, - деді Экмеледдин Ихсаноглу журналистерге берген брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар