Жаңалықтар

29 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан Даму банкі қаржыландырып отырған жобалар, банктің көрсеткіштері мен активтері талқыланды. ҚДБ бес жыл ішінде жалпы құны 1 миллиард 800 миллион долларды құрайтын 79 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды қаржыландырған.

 
 - Қазақстан Даму банкі алғаш рет ТМД және Орталық Азия елдерінің эмитенттері үшін мөлшерлі бағдарды айқындап, 6 пайыздық жылдық көрсеткішпен 20 жыл мерзімге еурооблигациялар салды. Мемлекет басшысы сондай-ақ Даму банкінің жұмысын атап өтті және Қазақстанның әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөнінде нақты тапсырмалар берді, - деп атап өтті Қ.Шалғымбаев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар