Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевты қабылдады.

Министр Елбасына денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2005 жылғы қорытындылары және Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарлары туралы баяндап берді.

 
- Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында денсаулық сақтау саласына қатысты төрт негізгі басымдық айқындалды. Бұл – денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жедел іске асыру, сондай-ақ елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі өлшемдеріне байланысты мәселелер; өмір сүру жасы, ана мен бала өлімі, туберкулез бен СПИД-ке шалдыққандардың санын азайту және елімізде жедел медициналық көмек көрсетуді дамыту. Сондай-ақ қазақстандықтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне аса назар аударылды. Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында кестеге сәйкес жоспарланған барлық іс-шараларды толық көлемде және белгіленген уақытта жүзеге асыруға дайын, - деді Е.Досаев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар