Жаңалықтар

17 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады.

Кездесу кезінде отын-энергетикалық кешенді таяу жылдар ішінде дамыту және Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

 
- 2006 жылдан бастап мұнай-газ құбырлары мен электр жүйелерінің қандай бағытта және қалай таратылатыны, олардың дамуы жөнінде әңгіме болды. Биылғы жылы қолға алынатын жұмыстардың ішіндегі ең маңыздысы – КТК мұнай құбырын кеңейту. Сонымен қатар мұнай тасымалының болашағы, Қарашығанақ газ кен орнын дамыту, Солтүстік-Оңтүстік электр желісінің салыну барысы осы кездесуде талқыланды. Тұтастай алғанда, мен Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсіздігін қашан және қаншалықты қамтамасыз ететінімізді жеткіздім, - деді Б.Ізмұхамбетов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар