Жаңалықтар

17 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан Қарулы Күштерін дамыту және жетілдіру, кәсіби армияға көшу және мамандар даярлау жүйесін ілгерілету мәселелері талқыланды.

 
- Мен мемлекетіміздің Президенті, еліміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысына Қарулы Күштердің, әскери техниканың және қару-жарақтың одан әрі даму жолдары мен 2005-2006 жылдың бастапқы кезеңіне арналған жоспарының орындалу барысы туралы баяндадым. Президент сондай-ақ кәсіби армияға көшу үшін мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру әрі жаңғырту мәселелеріне тоқталып, осы бағыттар бойынша тапсырмалар берді. Алдымызда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Осыған байланысты 20 сәуірде Іле полигонында жаттығулар өтетін болады. Оған Мемлекет басшысы қатысып, оңтүстік өңірлік қолбасшылардың және басқа да әскери құрамдардың дайындығымен танысып, өз бағасын бермек, - деді М.Алтынбаев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар