Парламент палатасының басшысы Мемлекет басшысына Сенаттың заң шығарушылық қызметінің ағымдағы және перспективалық бағыттары жөнінде баяндады.
- Бүгінде Сенат депутаттары толық құрамда еліміздің өңірлерінде жұмыс істеп жатыр. Сенаторлар қазақстандықтарға Президенттің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауының негізгі қағидаттарын түсіндіруде, - деді Қ.Тоқаев журналистерге арналған брифингте.