Жаңалықтар

17 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шалбай Құлмахановты қабылдады. Ш.Құлмаханов Елбасына министрліктің атқарған жұмыс қорытындыларын баяндап берді.

Кездесуде еліміздің оңтүстік өңірі мен Астана қаласын су тасқынынан қорғау, Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық үйлестіру орталығын құру болашағы талқыланды.

 
- Биылғы жылы Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің басшылығымен орталық атқарушы органдар атқарған тыңғылықты жұмыстардың арқасында оңтүстік өңірдегі су тасқынына қарсы шаралар лайықты жүргізіліп, сәтті аяқталды. Астана қаласын су тасқынынан сақтауға қатысты Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген жоба бойынша қазірдің өзінде құрылыс жұмыстары басталды. Мен осы құрылыстың жүргізілу барысы жөнінде баяндап бердім. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық-техникалық базасын дамыту мәселесі сөз болды. Біз сондай-ақ Қазақстанда гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі транзиттік база, яғни халықаралық үйлестіру орталығын құруды межелеп отырмыз, - деді Ш.Құлмаханов журналистерге арналған брифингте.

 
Мемлекет басшысы министрлікке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар