Министр Президентке Мемлекет басшысының ақпандағы Жолдауы ережелеріне сәйкес құрылған және жақында ел Парламенті қабылдаған 2006 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі өлшемдері туралы баяндап берді. Бюджеттің шығыс бөлігі 1 триллион 605,6 миллиард теңгені құрайды. Оның 37,6% немесе 600 миллиард теңгесі білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет сияқты әлеуметтік салаларға көзделген.
Сондай-ақ Қ.Келімбетов Мемлекет басшысына Алматыдағы өңірлік қаржы орталығы, мемлекеттік басқару буындарының өкілеттіктерін шектеу және лицензиялау туралы заң жобалары жөнінде әңгімелеп берді.