Жаңалықтар

25 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан және жаңа әлемдегі еуразиялық идея» атты халықаралық ғылыми форум қатысушыларына құттықтауын жолдады.

«Сіздер  Қазақстанның елордасы – қонақжай Астанаға қош келдіңіздер!

Мемлекеттердің Еуразиялық одақтың жаңа интеграциялық бірігуінің негізгі қағидаттары мен нақты бағдарламасын 17 жыл бұрын В.М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессорлары мен студенттері алдында сөйлеген сөзімде алғаш рет ұсындым.

ХХІ ғасырда Еуразиялық ықпалдастық идеясы нақты сипатқа ие болуда. 10 жылдан астам уақыт бойы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жұмыс істеп келеді. Қазақстан, Беларусь және Ресей арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің өзегі болып табылатын және 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асатын Кедендік одақ құрылды.

Бүгінде Еуразиялық идеяның миллиондаған ізбасары бар. Олар идеядан орасан зор өркениетті болашақты көруде. Бұл біздің мемлекеттеріміз үшін жаһандық әлемде лайықты орын алуға, ал біздің халықтарымыз үшін экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара қарым-қатынастың жаңа сапалы деңгейіне шығудың жақсы мүмкіндігі. Еуразиялық ықпалдастық - мемлекеттер болашағының ортақ тарихы. Ол бүгіннен бірлесе жазыла бастады.

Оның жетістігі - тек саясаткерлердің міндеті ғана емес, ғалымдардың, түрлі салалар мамандарының үлкен еңбегі, мемлекеттеріміз азаматтарының белсенді қолдауы.

Форумға қатысушылардың барлығына жемісті пікірталас пен шығармашылық табыс тілеймін!», - делінген құттықтауда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар