Жаңалықтар

28 тамыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-Министрі Дзюнъитиро Коидзумимен кездесті.

176.jpg

177.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-Министрі Дзюнъитиро Коидзумимен кездесті.

 
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, халықаралық сипаттағы мәселелер, оның ішінде Біріккен ұлттар ұйымын реформалау проблемалары талқыланды.

 
 - Қазақстанда Сізді бүгінде Жапония экономикасының жақсаруына әрі дамуына әкелген дәйекті құрылымдық реформаларды жүргізіп отырған әлемдік беделді басшы, тәжірибелі саясаткер ретінде біледі. Сіздің сапарыңыз біздің екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы тарихи оқиға болып табылады. Біз жапондық дипломатияның Орталық Азия бағытында жандануын байқаймыз әрі қолдаймыз және мемлекеттік деңгейде барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты, бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетуге дайынбыз, - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіссөздердің басталуында. 

 
- Мен үшін Жапония Премьер-Министрі ретінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға келу үлкен мәртебе екеніндігін атап өткім келеді. Менің сапарым жапон Үкіметінің Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі де белсенді түрде дамытуға деген ниетін білдіреді және менің осы сапарымды тап осылай қабылдауларыңызды сұраймын. Орталық Азия елдерінің арасында нақ осы Қазақстан бүгінгі күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығымен таңғаларлық дамуларды жүзеге асырып отыр. Бұл табыстар тек Жапонияның ғана емес, күллі әлемдік қоғамдастықтың назарында. Сіздердің елдеріңіз Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Демократиялық Республикасының арасында орналасқанымен, Америка Құрама Штаттарымен, Еуропалық Одақ елдерімен жақсы дипломатиялық қарым-қатынаста қалып отыр. Қазақстан жүргізіп отырған үйлесімді сыртқы саясатқа асқан құрметімді білдіргім келеді. Жапония табиғи ресурстарға аса бай емес. Қазақстан, керісінше, бай табиғи ресурстарға ие. Біз экономика саласында ғана емес, сондай-ақ саяси, гуманитарлық және басқа да салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға барлық күш-жігерімізді салғымыз келеді. Президент мырза, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан бүгінгі күні нарықтық экономикасы бар демократиялық мемлекет құруға зор күш жұмсауда. Жапония осы күш-жігерлеріңізге қолдау көрсетуге дайын, - деді Жапония Премьер-Министрі.

 
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел басшылары Қазақстан мен Жапония арасындағы достық, серіктестік және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-Министрінің қатысуымен атом энергиясын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы меморандум қабылданды.

 
Екіжақты құжаттарға қол қою рәсімінен кейін бірлескен баспасөз мәслихаты болып өтті. 

   
- Біз ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне көшудеміз әрі оның жаңа бағыттарын айқындап отырмыз. Бүгінгі күні Қазақстан Жапониямен екіжақты қарым-қатынастарды өзара тиімділік және сыйластық принципімен құра отырып, тең дәрежедегі серіктес болуға дайын, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. 

 
- Мен Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына бізге көрсеткен ыстық ықыластары үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Біздің еліміз Қазақстанмен – күллі орталық-азиялық аймақтағы дамудың қозғаушы күшіне айнала алатын елмен өзара қарым-қатынастарға ерекше мән береді, - деп атап өтті Д.Коидзуми.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар