Жаңалықтар

18 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз ҰК» акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті Жаксыбек Құлекеевті қабылдады.

Кездесу кезінде компанияның ағымдағы қызметі жөніндегі мәселелер талқыланды.

 
- Мен Мемлекет басшысына ҚазГерМұнай компаниясы акциясының 50 пайызын, сондай-ақ PetroKazakhstan компаниясы акциясының 33 пайызын сатып алу жөніндегі келіссөздер процесінің қорытындылары туралы баяндадым. Мемлекет басшысы біздің компания басшылығына еліміз үшін маңызды саналатын аталған стратегиялық жобаларды аяқтау жөнінде тапсырмалар берді. Бүгінгі таңда біз аталған активтерді сатып алу жөнінде тиісті келісім-шарттарға қол қоюға әзірленудеміз. Біз Қазақстаннан сыртқары жерлерден активтер сатып алу жөніндегі дайындық жұмыстарына да кірістік. Сонымен бірге Грузиядағы Боржоми шипажайын сатып алу жөніндегі келіссөздер жүргізіп, осы ел аумағындағы Қара теңіз жағалауынан 10 гектар жер және басқа да аса маңызды стратегиялық нысандарды сатып алуды межелеп отырмыз. Мен Мемлекет басшысын аталған келіссөздер процесінің нәтижелері жөнінде хабардар еттім, - деді Ж.Құлекеев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар