Жаңалықтар

23 тамыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновты қабылдады.

Ә.Құсайынов ведомство жұмысының биылғы жылдың алғашқы 7 айындағы қорытындылары жайында және елдің көлік-коммуникация кешенін дамытудың болашағы туралы баяндады.

Есепті мерзім ішінде Қазақстанда өткен жылғы осыған сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19 пайызға артық жүк тасымалданып, дағдарысқа дейінгі 2007 жылғы межеге қол жеткізілген. Жолаушы тасымалы көлемінің өсімі 12 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар, әңгіме барысында «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» автожолы, «Қорғас–Жетіген» теміржол желісі мен «Өзен–Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» тәрізді ірі жобаларын іске асыру барысы туралы сөз қозғалды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар