Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті жазушы-драматург, Сәкен Жүнісовтің кенеттен өмірден озғанына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

- Бүкіл халқымыз үшін орны толмас осы қазаға байланысты, ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Ұлтжанды, өнерге ерекше жаны жақын Сәкен Нұрмақұлы өзінің көркем тілмен кестеленген тамаша шығармалары арқылы халқымыздың қазақы қалпы мен ұлттық ділін сақтап, жетілдіре түсуге бүкіл дарыны мен қарым-қабілетін жұмсап, қызмет етіп еді. Оның суреткерлік шеберлігімен сомдалған ардақты Ақан серіміздің ауыр тағдыры мен шынайы бейнесі әдебиетсүйер қауымның әлі талай буындарының жүректерін тербеп, кеуделеріне өнерге деген іңкәрлік пен ізгіліктің нұрын себе беретіндігіне күмән жоқ, - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар