Жаңалықтар

19 желтоқсан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті.
05

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Алмазбек Атамбаевты Қырғызстан Президенті қызметіне сайлануымен және лауазымына кірісуімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан Қырғызстанның гүлденген және экономикасы күшті болуына мүдделі екенін атап өтті.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан ықпалдастық үдерістерді жан-жақты дамытуға ұмтылатынын және Қазақстанмен екіжақты қатынастарын одан әрі тереңдете түсетінін атап көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар