Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 маусым 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечиді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан-қытай стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланды. Кездесуде екі елдің әлемдік және аймақтық саясаттың бірқатар мәселелері төңірегіндегі ұстанымдарының ұқсастығы ерекше аталынып өтті. Тараптар екі мемлекеттің қазіргі заман жағдайындағы тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз етудің маңызды факторы бола алатын экономика және саясат саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар перспективті бағыттарын талқылады.


Кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамуда және біздің ынтымақтастығымыздың дамуына ешқандай кедергі жоқ», - деді.


Мемлекет басшысы Қытай халқына, жуық маңда ғана Қытайда болған табиғи апатқа орай Қазақстан халқы атынан көңіл айтты. Әрі біздің республикамыздың көрші мемлекетке әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Қытай ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстаннан гуманитарлық көмек алған болатын.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар