Жаңалықтар

13 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Литва Республикасының Премьер-Министрі Гедиминас Киркиласты қабылдады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.


Мемлекет басшысы 2007 жылы 118,4 миллион долларды құраған өзара сауда айналымының көлемі Қазақстан мен Литваның мүмкіндіктеріне сай келмейтіндігін, әйткенмен екі ел экономикасының даму қарқынын ескере отырып, өзара сауда айналымының келешегі бар екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ кездесу барысында 2010 жылы Қазақстанның, ал 2011 жылы Литваның ЕҚЫҰ-на төрағалығы жөніндегі мәселелерге қатысты пікір алысу болып өтті.

- Біз Орталық Азия, Каспий және Қара теңіз аймақтарының проблемаларына ерекше назар аударатын боламыз, - деді журналистерге берген брифингте Г.Киркилас.


Премьер-Министр сонымен бірге өз елінің Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екендігін атап өтті. Сондай-ақ Астанаға Қазақстан экономикасын инвестицияландыруға мүдделі литвалық кәсіпкерлердің үлкен тобының келгендігін хабарлады.


Г.Киркилас қазақстандық бизнес өкілдерін Литва аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға, соның ішінде Вильнюс, Каунас, Клайпед қаларында салынатын үш ірі логистика орталықтарының құрылысына қатысуға шақырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар