Жаңалықтар

25 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ашық акционерлік қоғамының президенті Вагит Алекперовты, сондай-ақ аталған компанияның басқа да басшыларын қабылдады.
78.jpg

Кездесу кезінде компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер талқыланды және Қарашығанық кен орнында газ-химиялық кешенін салу туралы тапсырма берілді.

 

- Мен компанияның құрылғанына 15 жыл толуына орай Сіздердің Президенттеріңіздің құттықтау құрметіне ие болдым. Бүгінде Астанада Директорлар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтуде, оған 250 адам қатысуда. Директорлар кеңесі Қазақстан астанасында және Каспий теңізінде атқаратын біздің қызметтеріміздің барысын қарастыратын болады. Мен Президентке күн тәртібіндегі мәселелер мен онда қабылданған шешімдер туралы баяндап бердім. Біз өз қызметімізді атқаруға қолдау тауып, Қарашығанық кен орнында газ-химиялық кешенін салу мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде тапсырма алдық.

 
Қазақстанда ірі қаржы мөлшерін құюға мүмкіндік туғызатын инвестициялық жағдай жасалған. Компания осы уақытқа дейін 4 миллиард доллар қаржы салды және біз осы инвестиция Қазақстан халқына және біздің компанияға мол пайда әкеледі деген сенімдемін, - деді В.Алекперов журналистерге арналған брифингте.

 
Ол сондай-ақ бүгінгі кездесудің ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне, атап айтқанда көмірсутегін өндіру және игеру саласында жол ашатынын атап өтті


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар