Жаңалықтар

26 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Бразилия Федеративтік Республикасына келді.

Сапар аясында Қазақстан Президентінің Бразилия Президенті Л.И.Лула да Силвамен, Ұлттық конгресс Сенатының төрағасы Р.Калейроспен және Ұлттық конгресс депутаттары палатасының төрағасы А.Чинаглиамен, Жоғарғы Сот төрағасы Э.Нортфлитпен, Бразилияның іскер топ өкілдерімен кездесуі жоспарланған.


Сондай-ақ делегациялар келіссөздері аяқталғаннан кейін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.


Анықтама. Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылдың 22 қыркүйегінде орнады.


1995 жылдың қаңтарында ҚР сыртқы істер министрі К.Тоқаев Бразилия Президенті Ф.Кардозоны ұлықтау рәсіміне қатысып, Мемлекет басшысының жеке сәлемін жеткізді. 2006 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Бразилия Президентінің жеке өкілі Р.Сантос-Невис Астанаға келіп қайтты.


2006 жылдың 7 тамызында Астанада Бразилия СІМ делегациясының қатыстуымен Бразилия Елшілігінің ашылу салтанаты болды.


Қазақстан мен Бразилия арасындағы сыртқы сауда байланыстары оң серпінге ие. 2006 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 197 миллион долларды құрады.


Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара ықпалдастық жан-жақты бағытта дәйекті дамып отыр. Біздің еліміз БҰҰ Кеңесінің құрамына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелік етуде Бразилияның кандидатурасын қолдады.


Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі аясында Бразилиямен Қазақстан нарығына тауарлар мен қызметтердің қол жетімділігі жөніндегі екіжақты келіссөздердің қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар