Жаңалықтар

29 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Республикасының бұрынғы Президенті Петр Лучинскиймен кездесті.

- Бұл менің Астанаға жасаған жеке сапарым. Мен осы қаланың құрметті азаматы болғандықтан, сіздердің елордаларыңызға үлкен қызығушылықпен қараймын. Қаланың қазіргі кейпі менің таңданысымды тудырды. Бізге бауырлас елдердің қалай дамып отырғаны қызықты. Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан елден ерек екенін айтқым келеді. Астанада болып жатқан өзгерістер, экономикалық даму қарқыны таң қалдырады. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы екеуіміз осы барлық процестер жөнінде пікір алмастық. Менің сапарым қандай да бір мемлекеттік міндеттерді көздемейді. Мен Президентке кездесуге мүмкіндік тапқаны үшін ризашылығымды білдіремін. Молдова Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты көбірек дамытқанын қалар едім, себебі мұнда мол байлық көзі және елді жаңартудың зор тәжірибесі бар, - деді П.Лучинский журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар