Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланды Корольдігінің сыртқы істер министрі Бернард Рудольф Ботты қабылдады.

Кездесу кезінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар басым бағыттардағы ынтымақтастықты дамытудың оң ықпалы мен  зор келешегін атап өтті.

 
- Менің Президентпен тамаша кездесуім болып өтті. Мен Мемлекет басшысына өзімнің сіздердің елордаларыңыздан алған жарқын әсеріммен бөлістім. Мен сондай-ақ Президенттің Қазақстанды 2012 жылға қарай әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу ниетінен хабардармын. Бұл дамуға қажетті барлық тетіктерді қамтитын әрі баршамыз назар аударуға тиіс аса маңызды бағдарлама, - деді Нидерланды сыртқы істер министрі журналистерге арналған брифингте.

 
Нидерланды – Қазақстан экономикасындағы жетекші еуропалық инвестор. 2005 жылы Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі бойынша Нидерланды АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. Бернард Рудольф Бот нидерландиялық компаниялардың энергетикалық, қаржылық және аграрлық секторларда Қазақстанға салатын инвестициялар көлемін арттыруды көздеп отырғанын жеткізді.

 
- Біз сондай-ақ, Президентпен Қазақстанда шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту қажеттілігін талқыладық. Өйткені, Мемлекет басшысы аталған секторды дамыту мемлекетті жалпы дамытуға және одан арғы демократиялық реформаларға қажетті алғышарт болады деп санайды. Біз осы салада Қазақстанға мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті дипломат.

 
Бернард Рудольф Бот сондай-ақ, 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның төрағалық ету мәселесін Нидерландының жан-жақты қолдайтын атап көрсетті.

 
- Мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге мүмкіндігі өте жоғары деп ойлаймын. Одан басқа бұл Ұйымның өзі үшін де пайдалы тәжірибе болмақ. Қазақстан басқа орталық-азиялық мемлекеттерге үлгі бола алады және Нидерланды Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсетеді, - деді ол.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар