Жаңалықтар

26 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте «Клинтонның жаһандық бастамасы» форумына қатысты.

Аталған Форум әлемнің 1000-ға тарта саясат, идеология, дін, этника және басқа да салалардағы аса беделді әрі танымал адамдарын, сондай-ақ мемлекет басшыларын, саясаткерлерді, жетекші бизнесмендерді, ғалымдарды, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін біріктіретін қоғамдық ұйым болып табылады.


Бұл Форумның мақсаты әлемдік ауқымда адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететін нақты проблемаларды талқылау және оларды шешу жөнінде іс жүзінде шаралар қабылдау болып табылады.


Форумның жыл сайынғы басқосуы Нью-Йоркте қыркүйектегі БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа сессиясының жалпы пікірсайысы кезінде өткізіледі.


Осы жолғы Форум тақырыбы білім, энергетика, климаттың өзгеруі, бүкіләлемдік денсаулық сақтау, кедейшілікті азайту мәселелеріне қатысты болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар