Жаңалықтар

25 маусым 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
big-001Eg.jpg

Шымкентке келе салысымен Президент тікұшақпен Сарыағаш ауданына ұшып келді. Сарыағаш ауданында Нұрсұлтан Назарбаев қайтадан салынған Қызыләскер елді мекенінде болды.


Үстіміздегі жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Сарыағаш және Ордабасы аудандарындағы 49 елді мекен табиғат апаты – су тасқынынан зардап шеккен болатын. Бұл аудандарда су тасқынынан 9 мектеп, 6 аурухана мүлдем қирап қалса, газ құбырлары мен электр желілері істен шықты. Бірнеше мыңдаған адам баспанасыз қалды. Тек Сарыағаш аудананың Бозой, Жамбыл, Бірлік, Ақтөбе, Жүзімдік ауылдарында екі мыңнан астам тұрғын үй құрылыстарын су шайып кетті.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен табиғат апатынан зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілді. 1665 тұрғын үй жаңадан салынып, 453 тұрғын үйге тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Ақтөбе ауылының тұрғындарымен кездескен Мемлекет басшысы зардап шеккендерге көмекті бүкіл ел болып көтеріп алғандығымызды айтты. Ал жаңа үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарды салуға барлық облыстар мен Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерінен жалпы көлемі 9,6 миллиард теңге жиналды. Қаржыны ұлттық компаниялар да бөлді, Телемарафон нәтижесінде жиналған 850 миллион теңгені жөндеу және құрылыс жұмыстарына «Нұр Отан» партиясы жөнелтті. Осы қаржыға 1591 тұрғын үй салынып, 2 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 7 жаңа мектеп салынды. Ауданда инфрақұрылым - жол, электр желілері, газ құбырлары қайтадан қалпына келтірілуде.


Н.Ә.Назарбаев аудан тұрғындарының бел жазбай істеген еңбектеріне алғысын білдіріп, алда табиғат апаттарының оларды айналып өтуін тіледі.


Бүгінгі таңда апаттан зардап шеккен аудандарда 165 мердігерлік ұйымдар жұмыс істеуде. Тиісті көмекті студенттік құрылыс отрядтары да көрсетуде. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» шаруашылық қожалықтарға тұқым сатып алуға және егістік жұмыстарды жүргізуге несие бөлуде. Түрғын үйлерді алғашқылардың бірі болып алушылардың тізіміне енбеген тұрғындарға қосымша жөндеу жұмыстары мен жаңадан үй салуға 450 миллион теңге қаржы бөлінді.


Қабылданған шаралардың арқасында су тасқынынан 4 айдан кейін тұрғындар жаңа үйлерге кіруге мүмкіндік алды. Қызыләскер ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Еген Рабилов ақсақал оңтүстікқазақстандық тұрғындар атынан Мемлекет басшысына ыстық ықылас пен зор алғыс білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар