Жаңалықтар

3 сәуір 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісовты қабылдады.

Әкім облыста Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру нәтижелері мен Елбасының Жолдауында айқындалған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады.


- Президент тұрмысы нашар азаматтарды, көп балалы аналарды, зейнеткерлерді қолдау жөніндегі әлеуметтік міндеттердің шешілуіне ерекше назар аударды. Павлодар облысында бұл міндеттер, сөзсіз, шешіледі.


Бүгінде бізде қомақты жобалар іске асырылып жатыр. Олардың екеуін ерекше атап өткім келеді. Бұл 2007 жылғы желтоқсанда бірінші кезегі пайдалануға берілетін электролиз зауытының және де мұнайгаз саласына арналған құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы», - деді Қ.Нұрпейісов журналистерге арналған брифингте.


Сол күні Мемлекет басшысы «Қазақстандық электр жүйелерін басқару жөніндегі компания» акционерлік қоғамының президенті Қ.Бозымбаевты қабылдады.


Қ.Бозымбаев компанияның жұмыс қорытындылары туралы баяндады.


- Кездесуде елімізде 2015 жылға дейін электр энергиясын дамытудың келешегі жөнінде әңгіме қозғалды. Сараптамалық бағалау бойынша, салаға 1,8 миллионнан астам теңге инвестиция қажет етіледі. Бұл қаражат негізгі қуат көздерінің құрылысына, сонымен бірге электр тарату желілерін жаңартуға салынады деп күтілуде. Президент біздің ұсынысымызды қолдады және алдағы жұмысымызға қатысты тапсырмалар берді, - деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар