Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

23 наурыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пекин олимпиадасына лицензия ойнатылған Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының екінші Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирін тамашалады.

Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында 2008 жылдың 17-23 наурызында отандық бокс тарихында тұңғыш рет «Астана 2008» Азиялық олимпиадалық халықаралық іріктеу турнирі болып өтті. Азияның 24 елінің былғары қолғап шеберлері Пекин олимпиадасына қатысу үшін Азия құрлығына қарастырылған 19 жолдама үшін бақ сынасты. Сайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық 5 боксшы жоғары табысқа қол жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар