Жаңалықтар

26 мамыр 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдуллаһ Гүл «КАDЕХ-2010» қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктердің бірінші халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты.
002

Көрменің экспозициясы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің авиациялық базасының аумағындағы ашық алаңда және 4 павильонда орналастырылды. Әлемнің 20 елінен келген 200-ге жуық компания өздерінің қару-жарақ және әскери техника, ІТ-технологиялар мен байланыс, құрылыс және инфрақұрылым, сондай-ақ тылдық мүліктер мен әскери медицина саласындағы жетістіктерін ұсынбақ. Көрмеге сондай-ақ Австрия, Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қытай, Корея, Ресей, Словакия, Түркия, Украина, Франция, Чехия және өзге елдердің кәсіпорындары қатысады.

Экспозицияның едәуір бөлігін Қазақстан Қарулы Күштерінің қажетіне сай тауар өндіретін қазақстандық кәсіпорындар құрап отыр.

Көрменің ашылу рәсімі барысында Мемлекет басшыларына қазақстандық армияның қару-жарағы санатындағы бронды техникалардың, әскери машиналар мен өзге заманауи әскери техникалардың жауынгерлік үлгілерін көрсетуге арналған арнайы бағдарлама ұсынылды. Әуе қорғанысы күштерінің жоғары класты ұшқыштары СУ-2 және Миг-29 ұшақтарымен авиациялық шоу көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар