Жаңалықтар

28 тамыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі Дзюнъитиро Коидзуми Астанада салынып жатқан Бейбітшілік пен келісім сарайында болды.
178.jpg

Бұл серуен  Коидзумидің жеке өтініші бойынша ұйымдастырылды.

 
- Президент Пирамиданы маған резиденция терезесінен көрсетті. Мен бір ғана сөз: «Менің оны көргім келеді» дегенді ғана айттым. Менде бұл нысан Қазақстан үшін әлемдік маңыздағы көрнекті орын болады деген пікір қалыптасты, сондықтан Пирамиданы көргім келді. Жақыннан келіп көрген соң, сіздердің елдеріңіздің кереметтігіне тағы да көз жеткіздім. Президент резиденциясынан Пирамида мұншалықты үлкен болып көрінбейді. Оның ауқымын жақыннан ғана бағалауға болады. Мен аумағы жағынан Жапониядан 7 есе артық Қазақстанның алып ел екеніне тағы да көз жеткіздім. Аумағы үлкен Қазақстанға мен қызығамын. Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан өз экономикалық дамуында әлі де табыстарға қол жеткізе береді  және аймақтағы негізгі жетекші мемлекетке айналады деп ойлаймын, - деді өз әсерімен бөліскен Жапония Премьер-Министрі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар