Жаңалықтар

4 тамыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Ресей аумағындағы ауқымды өрт салдарынан туындаған күрделі ахуалға байланысты мәселелер талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев аталған табиғи апаттар салдарын жоюда Қазақстанның қажетті көмек жасауға дайын екенін атап өтті.

Мемлекет басшылары Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымының Ереванда өтетін саммитіне,  сонымен қатар Өскеменде өтетін ҚР мен РФ арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындықтың мәселелерін де талқылады.

Д. Медведев Н. Назарбаевты ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу туралы шешімнің қабылдануымен құттықтады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар