Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республика күніне арналған мерекелік шараларға қатысты.

170.jpg

171.jpg

- Бүгін Қазақстанның егемендігі жариялағанының 15 жылдық мерекесі. Осыдан 15 жыл бұрын Совет Үкіметі, Коммунистік партия күркіреп, билігін жүргізіп тұрған кезде, біз Қазақстанның егемендігі жөнінде Декларация қабылдадық. Қазақстанның жері, суы, тауы, байлығы, барлығы Қазақстанның меншігінде, біз ешкімге тәуелді емеспіз деп, өте батыл қадам жасадық, - деді Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арналған құттықтауында.

 
Президент бүгінде еліміз қол жеткізген жетістіктердің, атап айтқанда дамыған экономиканың, барлық ұлттар мен конфессиялар өкілдері арасындағы достық пен келісімнің, саяси тұрақтылықтың ерекше құндылық болып табылатынын атап өтті.

 
 - Биылғы халыққа арнаған Жолдауымда мен барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын, әл-ауқатын көтеруге үлкен қадам жасалғанын атап айттым. Бүгінде табысты экономиканың нақты жемісін бәрі: зейнеткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, жастар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен балалар көріп отыр. Экономиканың, мемлекет басқарудың мән-маңызы халқымыздың әл-ауқатын көтеруге бағытталғандықтан, бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғаса бермек.

 
Біз алдымызға әлемдегі ең дамыған мемлекеттер қатарына қосылуды мақсат тұттық. Біз алдағы 10 жылда экономиканың өсуін үш есеге, адамдардың еңбекақысы мен зейнетақысын екі есеге арттыруға қадам жасаймыз. Біз бұған татулық пен бірліктің арқасында қол жеткіземіз.

 
Біздер саяси тұрақтылықты, достықты, өзара түсіністікті, адамдардың бір-біріне деген сенімдерін көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз.

 
 Қазақстанды дүниежүзі таныды, қазақ деген халықтың бар екенін дүниенің төрт жағына да түсіндірдік. Төрткүл дүниеде белгілі болған Отанымызды орнатып, оның Астанасын Сарыарқаның дәл ортасында еліміздің кең байтақ орталығында шегелеп, жұрттың бәрін таңғалдырдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

                 
Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарға татулық пен бақыт, бірлік пен береке тіледі.

 

Мемлекет басшысының Республика күніне арналған мерекелік шарада сөйлеген сөзінің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар