Жаңалықтар

5 маусым 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады.

О.Өксікбаев Президентке ағымдағы жылдың төрт айында жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері туралы баяндады. Атап айтқанда, Есеп комитетінің төрағасы Мемлекет басшысын Парламент қарауына ұсынылған Үкіметтің есебіне қорытындымен таныстырды.


- Комитет республикалық бюджетті орындау жөніндегі жұмыста салықтық және бюджеттік заңнаманың жетілдірілмеуі себебінен орын алған елеулі кемшіліктерді анықтады, - деді О.Өксікбаев журналистерге арналған брифингте.


Мемлекет басшысына сондай-ақ республикалық бюджет шығындарының қызметтік топтар және бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлініп көрсетілген есебі ұсынылды. Президент қаржылық бақылауды күшейту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржы тәртібін нығайту қажеттігін атап көрсетті.


Мемлекет басшысы «Есеп комитеті туралы» заң жобасын әзірлеуге тапсырма берді, онда комитеттің Парламентпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарының ұстанымы көрсетілуі, сондай-ақ осы орган жұмысының тиімділігін көтеру шарттары белгіленуі тиіс.


Сол күні Президент еліміздің Бас прокуроры Рәшид Түсіпбековті қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар