Жаңалықтар

25 қазан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Әбділ Әзіз Әл Саудқа Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Ханзада Сұлтан бен Әбділ Әзіз Әл Саудтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагер Ханзада Сұлтан бен Әбділ Әзіз Әл Саудтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қабырғаңыз қайысқан осы қаралы сәтте барша Қазақстан халқының атынан және жеке өзімнің  атымнан көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар